
Елімізде індет жұқтыру жағдайы азайып келе жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
«Соңғы 2 аптадағы жағдайды салыстырмалы түрде жеткізсем, тамыздың 3-9-ы аралығында коронавирусты 7 108 адам жұқтырған. 222 адам қайтыс болды. ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен 7 940 жағдай тіркелген. 122 адам көз жұмды», – деді Бағдат Қожахметов.
Ресми өкілдің айтуынша, тамыздың 10-16-сы аралығында жағдай біршама өзгерді.
«Яғни, соңғы аптада COVID-19 вирусын 3 995 адам жұқтырды. 151 адам қайтыс болды. ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен 5 344 жағдай тіркелді. 64 адам қайтыс болды. Осы аталған кестеге қарап, елімізде індет жұқтыру жағдайы азайып келе жатқанын байқауға болады», – деді Бағдат Қожахметов.