Бірнеше тұлға «Достық» орденімен марапатталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Kaznovosti.kz Ақордаға сілтеме жасап.

1. Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын:

 

II дәрежелі «Достық» орденімен
Америко Эдельсио –  

Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы

 

Ганем Халед Ас-Саид –  

Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы

 

Кибар Зафер –  

жазушы, Түркия Республикасы

 

Кошут Леонард –  

әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы

 

Манн Джейн –  

Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі

 

Мәжит Ақбар

 

–  

жазушы, Қытай Халық Республикасы

 

Пряхин Георгий

Владимирович

–  

Орыс әдебиеті академиясының

вице-президенті, Ресей Федерациясы

 

Пуиг Мария Санчес –  

Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры,

Испания Корольдігі

 

Хачатрян Шушан –  

Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы

 

Хуанчжан Ха –  

аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы

 

Шатқам Қажымұхамет –  

жазушы, Иран Ислам Республикасы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  

                Президенті                                                                                                                        Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 тамыз

№ 379