Шымкенттің Абай ауданында мобильдік топ карантин талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жүргізуде

Шымкент қаласының  Абай ауданы әкімдігі тарапынан құрылған мобильдік топ аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға карантиндік талаптарды қатаң сақтауы бойынша мониторинг жасап, кәсіпкерлік нысан иелеріне карантин талаптарын қатаң сақтауын, азаматтарда міндетті түрде бетперденің, кіре берістерде дизенфекциялық өткелдің, антисептиктердің және дене қызуын өлшейтін аппараттардың болуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Kaznovosti.kz аудан әкімдігінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Мониторинг барысында «Тұлпар» авто бөлшек базарының әкімшілігіне карантиндік талаптарды орындамағаны үшін Абай аудандық көрсетілетін қызметтер мен тауарлар сапасын бақылау басқармасы тарапынан хаттама толтырылып, әкімшілік шара қолданылды.

Мониторинг барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев бір қатар кәсіпкерлік нысанға ескерту жасап, енгізілген карантин талаптарын орындамаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын жеткізді.