Шымкент: «Әкім сағаты» жобасында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен қоғаммен байланысты нығайта түсу мақсатында Instagram желісі арқылы «Әкім сағаты» жобасы басталып кетті. Енді қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері сауалдарыңызға тікелей эфирде жауап беріп, мәселелеріңізді онлайн тыңдайтын болады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы сағат 20:00 де өз парақшасы арқылы тікелей эфирде халықты толғандырған сұрақтарға жауап береді.

Салалық бағыттағы (транспорт, спорт, туризм, мемлекеттік сатып алу және еңбек инспекциясы басқармаларына қатысты) қояр сауалдарыңыз бен айтар ұсыныстарыңыз болса, дайректіне жазып қалдырсаңыздар болады.
@isakhov_maksut