
Шымкент қаласында тағы бір оттегі өндіретін цех іске қосылады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.
Онда күніне 1000-2000 дана оттегі баллоны шығарылмақ. Сонымен қатар ол қаладағы кислород өндіретін ірі 3 станцияның жұмысы тұрақты бақылауда екенін айтты.
Оның айтуынша, жалпы қалада 722 кислородтық төсек-орын бар. Ал қала аумағындағы барлық 24 ауруханада бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі туындап отыр.