Қазақстан негізгі өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр – Сауда және интеграция министрлігі

ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.

Ол бүгінгі таңда Қазақстан көптеген базалық өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Күнбағыс майы, ұн, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша 100% қамтылған», — деді Арман Шаққалиев.