
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңір әкімдіктерінен ауруханаларды медициналық оттегімен қамтуды сұрады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.
«Болжамға сәйкес 8 487 төсек орын немесе дайындалған жалпы төсек орындарының 20 пайызы – оксигенотерапиямен қамтылуы керек. Қазіргі уақытта барлық өңірде оттегі мен оттегі концентратын шығаратын жергілікті өндірушілер бар. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне жаңадан дайындалған төсек орындарды медициналық оттегімен қамтамасыз етуді сұраймын», – деді Алексей Цой Үкіметтің отырысында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой Қазақстан өкпені жасанды желдетудің 4 мыңнан астам аппаратын сатып алған жағдайда ең қиын сценарийдің өзіне дайын болатынын мәлім еткен еді.