Қазақстанда Проблемалық несиелер қорының мүлкін сату жұмысы күшейтіледі, деп хабарлайды kaznovosti.kz.
Бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев экономикалық айналымға жұмыс істемейтін активтерді тарту үшін Проблемалық несиелер қорының мүлкін сату бойынша жұмыс жүргізілетінін айтқан еді. Досаевтың сөзіне сәйкес бұл жұмыс істемейтін активтердің тиімді нарығын құруға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде бұл мәселеге байланысты Ерұлан Жамаубаев активтерді экономикалық айналымға одан әрі тарту мақсатында Проблемалық несиелер қоры оларды басқару және іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыратынын жеткізді.
«Қазір тұрғын үй қорын, коммерциялық жылжымайтын мүлікті және жылжымалы мүлікті сату бойынша шаралар қабылдануда. Экономикалық айналымға 679 га жер учаскесі енгізіліп отыр. Жалпы жұмыс жандандырылатын болады», – деді ол.