Prestige Horse Club спортшылары FEI Әлем кубогының кезеңінде бақ сынайды

23 сәуір мен 3 мамыр аралығында Ташкент қаласындағы Universal Horses Stable ат спорты кешенінде Fédération Équestre Internationale ұйымдастыруымен ат спорты бойынша Әлем кубогының халықаралық кезеңі өтеді.

Байрақты бәсекеде Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің шабандоздары бақ сынайды. Жалпы 45-тен астам спорттық жұптың қатысуы күтілуде.

Prestige Horse Club намысын Олег және Раиса Соколенко қорғайды. Олар конкур дисциплинасында өнер көрсетеді.

Жарыс бағдарламасы екі кезеңнен тұрады және күрделілігі әртүрлі бағыттарды қамтиды — 120-дан 160 см-ге дейін. Сондай-ақ ұлттық есептер мен арнайы конкурстар жоспарланған.