Шымкент әкімдігі індеттен құрбан болғандарды еске алды

13 шілде Ұлттық аза тұту күніне орай Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов пен қала әкімінің орынбасарлары және қалалық мәслихаттың депутаттары әкімдік ғимаратының алдында коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.


Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын.

Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап Шымкент қаласындағы барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.