1,1 млн-нан астам ауыл оқушылары үшін оқу жағдайлары жақсарды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023–2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. Осы жұмыстар аясында мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, заманауи пәндік кабинеттер сатып алынды, мектеп жиһаздары жаңартылды, кітапханалар мен асханалар жаңғыртылды, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.
2023–2025 жылдар қорытындысы бойынша:
Сонымен қатар 2023–2025 жылдары 2 752 мектеп үшін 4 320 пәндік кабинет сатып алынды, оның ішінде:
Бұл жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды.
Бұдан бөлек мектеп инфрақұрылымының бірыңғай заманауи форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы басталды.