Руслан Желдібай қызметінен босатылды

Руслан Желдібай ҚР Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.