Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.