Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған», – делінген хабарламада.