Қазақстанда сұранысқа ие препараттар 11%-ға арзандады

Денсаулық сақтау министрлігі баға жүйесін реформалады. Маркетингтік және көлік шығыстары есептеуден алынып тасталды, ал генериктердің құны бастапқы препараттардың 30%-на төмендеді, деп хабарлады Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов

Бөлшек сауда желісінде де, ТМККК және МӘМС жүйесінде де 8 мыңға жуық дәрі-дәрмек атауының бағасы қайта қаралды.

Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу 70,5 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат дәрі-дәрмектің қосымша қажеттілігін сатып алуға бағытталған.

Дәріхана желілерінің мониторингі көрсеткендей: қазан айында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 11%-ға төмендеді.

Ең айқын төмендеу – жүрек-қан тамырлары ауруларына, антибиотиктерге және қабынуға қарсы препараттарға арналған дәрі-дәрмектер.