
Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшағы Ақтөбе-Астана бағыты бойынша санитарлық рейс жасады. Самара-Шымкент жолында болған жол апатында жарақат алған 50 жастағы ер адам елордаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді.
«ТЖМ экипажы мен медициналық бригада науқастың қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті. Ер адам елордалық мамандардың бақылауымен емін жалғастырады», – делінген хабарламада.