Мұрат Нұртілеу жаңа қызметке тағайындалды

Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», – делінген хабарламада.