Сыртқы істер министрі тағайындалды

Ермек Көшербаев ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», – делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.