
Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Маңғыстау облысына Ұлттық ұланның авиациялық борты жіберілді
Марқұмдардың туыстары арнайы бортпен өңірге барып, мәйіттерді тану және басқа қажетті рәсімдерге қатысады. Ұшақ қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Жол апатынан қаза тапқандардың ішінде Қарағанды облысынан бес әйел, Астана қаласының бір тұрғыны бар.
– Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді тану рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және жерлеу жұмыстарын жедел түрде шешу мақсатында ұйымдастырылды, – деді ІІМ ресми өкілі – департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.