Елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлімдеді

Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.

«Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек.

Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.

Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек», – деді Президент.