
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды
Министрліктің мәліметінше, 25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті.
«Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде «Қазавиақұтқарудың» 2 тікұшағы жұмылдырылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды», – делінген хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.