Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Беларусь, Минск қаласы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиынға Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.