Қазақстандық әуе компаниялар Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты

2025 жылғы 24 маусым күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты бірқатар елде ресми түрде шектеулер енгізіліп, азаматтық авиацияға арналған әуе кеңістіктері жабылды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды
Мәжбүрлі шаралар қаруды қолдану қаупі, навигациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі, әуе қорғанысы жүйелерінің белсенділігі және азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін жоғары тәуекелдерге байланысты қабылданды.

Соңғы мәліметке сәйкес, шектеулер келесі елдерде қолданылады:

«Ірі халықаралық авиатасымалдаушылар да рейстерді уақытша тоқтатты. Олардың қатарында Air France-KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada Дубай, Доха және Эр-Риядқа ұшуды тоқтатты. Qatar Airways ұшу кестесін реттейді. Etihad ресми ескерту жасады. Emirates қақтығыс аймағын айналып, ұшуды жалғастыруда», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты қазақстандық әуе компаниялары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.

авиакомпания рейс направление количество пассажиров направление количество пассажиров
1 Air Astana KC205/206 Дубай — Астана 127 Астана — Дубай 90
2 Air Astana KC897/898 Дубай — Алматы 120 Алматы — Дубай 54
3 Air Astana KC551/552 Доха — Шымкент 147 Шымкент — Доха 119
4 SCAT DV5250/5251 Доха — Астана 199 Астана — Доха 161
5 SCAT DV5245/5246 Доха — Алматы 174 Алматы — Доха 4
6 Qatar Airways QR389/390 Доха — Алматы 142 Алматы — Доха 130
7 Qatar Airways QR391/392 Доха — Алматы 142 Алматы — Доха 125
Итого 1051   683

Демек елімізден шетелге шықпақшы адам саны — 683 болса, шетелден елге оралатын адам саны — 1051 адам. Жалпы алғанда бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер етті.

«Қазақстандық авиакомпаниялардың Парсы шығанағы елдеріне ұшуға бағытталған рейстерді тоқтата тұруы аймақтағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне негізделген мәжбүрлі шара.

Әуе компаниялары қабылдаған шешім халықаралық тәжірибеге сәйкес қабылданды. Басты мақсат — жолаушылар мен экипаж мүшелерірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушылар ыстық тамақпен, қонақ үй және трансфермен қамтамасыз етілді. Тоқтатылған немесе кейінге шегерілген рейстер бойынша жолаушылар тегін қайта бронь қоя алады немесе әуе билеттерінің құнын толық қайтарып ала алады», – деп мәлімдейді министрлікте.

Көлік министрлігі авиакомпаниялармен бірлесіп жағдайды жіті бақылауда, қажет болған жағдайда жедел шешім қабылдап, кестені қайта қарау жұмысы жүргізіледі. Рейстер жақын арада қайта жүзеге асырала бастайды.