
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды», – делінген құжат мәтінінде.
Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылған болатын.