МӘМС жүйесінде мәртебені сақтау мерзімі 6 айға дейін ұзартылды

Бүгін Мәжілісте екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды

Халықты МӘМС жүйесімен барынша қамту және сақтандырылған азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл заң жобасында жеңілдік кезеңін ұзарту жөнінде жаңа норма көзделген, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Енді бес жыл бойы өз бетінше және үзіліссіз жарна төлеген азаматтар, уақытша төлем жасалмаған жағдайда да, сақтандырылған мәртебесін алты айға дейін сақтай алады» – деп атап өтті министрлікте.

Бұрын бұл мерзім үш ай ғана болатын. Бұл – әділ әрі маңызды шешім, ол жүйеге тұрақты қатысып, уақытша қиындықтарға тап болған азаматтарды қолдайды.