Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады

Ғұмар Серғазин ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Тиісті құжатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды» – делінген құжат мәтінінде.