Қазақстанда мәдени мұраны сақтау мен дамытудың Кешенді жоспары әзірленеді

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени мұраны сақтау және дамыту жобасын дайындауды жоспарлап отыр

Аида Балаеваның айтуынша, ол ЮНЕСКО қағидаттарына сәйкес жергілікті және халықаралық деңгейде жұмысты қамтитын үш негізгі бағыт бойынша жүйелі шараларға негізделген. Бұл туралы Primeminister.kz. хабарлайды.

Бірінші бағыт – Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес, ЮНЕСКО қорғауындағы ескерткіштермен кешенді жұмыс жүргізу.

Екінші, ЮНЕСКО конвенциясының қағидаттарына сәйкес, материалдық емес мәдени мұраны немесе «жанды» мұраны сақтау және қолдау.

Үшінші бағыт – ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы аясында құжаттық мұраны сақтау, оның қолжетімділігі мен танылуын қамтамасыз ету.