
Норвегияның Тронхейм қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды
LW12 санатындағы спринт жарысында отандасымыз мәре сызығын 2:42.45 уақыт нәтижесімен үшінші болып кесті. Алтын жүлдені бразилиялық Вестемайер Рибера Кристиан (2:42.06) жеңіп алса, күміс медаль украиналық Баль Павлоға (2:45.93) бұйырды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жерлесіміз жуырда ғана пара шаңғы жарысынан Әлем кубогінде күміс медаль иеленген еді.
Айта кетейік, бұл бәсеке 2026 жылы Милан мен Кортинада өтетін қысқы Паралимпия ойындарына рейтингтік ұпай беретін негізгі жарыс.