
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.