
Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полиция департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанына қарамай, өтіп кетпек болған.
— Астана қаласының Полиция департаменті жол апаты салдарынан адам қаза тапқан көлік құралын басқарушының жол ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамы жанып тұрғанына қарамай, Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылдарының қиылысынан өтіп кетпек болған. Осы кезде ол «Kia» маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жапа шеккен «Kia» жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Кейін алған жарақаттарынан 52 жастағы жолаушы әйел көз жұмды, – деп хабарлады елорданың Полиция департаменті.