«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасын қолдаудың 2024 жылғы қорытындыларын таныстырды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да жыл сайынғы директорлар кеңесі отырысының қарсаңында Стратегиялық жоспарлау комитетінің есеп беру кеңесі өтті. Отырыста холдинг пен оның еншілес ұйымдарының 2024 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері жан-жақты талқыланды. Қаралған негізгі бағыттар – қаржылық көрсеткіштер, шағын және орта бизнесті (ШОБ) және агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) қолдау, тұрғын үй құрылысының дамуы. Сонымен қатар, инвестициялық саясатты жүзеге асыру, халықаралық ынтымақтастық, цифрландыру және клиенттердің қанағаттанушылығы мәселелері талқыланды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің таза пайдасы 416 млрд теңгені құраса, активтер мөлшері 14,1 трлн теңгеге жеткен. Ал активтердің рентабельділігі (ROA) 3% деңгейінде белгіленді. 2023 жылмен салыстырғанда, таза пайда 8 млрд теңгеге немесе 2%-ға артты, ал активтер мөлшері 4%-ға ұлғайды.

Сонымен қатар, цифрландыру арқылы «Бәйтерек» холдингі операциялық шығындарды 5%-ға қысқартты. Аталмыш шаралар жалпы экономикалық тиімділікті арттыруға ықпал етті. Бұдан бөлек, жаңа инвестициялық тетіктер мен қаржыландыру бағдарламаларын енгізу негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуін қамтамасыз етті.

Өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту

2024 жылы Қазақстанның Даму Банкі 21 инвестициялық жобаны және 35 экспорттық операцияны қаржыландырды. Сонымен қатар, жалпы құны 1,46 трлн теңгені құрайтын 4 банктік кепілдік берілді. Жыл ішінде 28 инвестициялық нысан іске қосылды.

Бұдан бөлек, жабдықтарды жаңғырту және цифрлық технологияларға көшу бағдарламалары жүзеге асырылды. 500-ден астам шағын және орта бизнес кәсіпорны өндірістік қуатын жаңарту үшін қаржылай қолдау алды.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау

Агробизнес – холдинг қызметінің басым бағыттарының бірі. 2024 жылы агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеден асты. Бұл 17 740 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

Есептік кезеңде:

Тұрғын үй құрылысын дамыту

Холдинг – Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының негізгі операторы. 2024 жылы 70 мыңнан астам отбасы баспаналы болды.

Отбасы банк жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге ипотекалық несие берді (2023 жылы – 1,07 трлн теңге).

Экспортты және шикізаттық емес секторды қолдау

Холдинг шикізаттық емес секторды дамытуға басымдық беріп, көрсетілетін қолдау көлемін 2023 жылмен салыстырғанда 53%-ға ұлғайтты. Нәтижесінде, экспортқа бағытталған өндірістерді қаржыландырудың жалпы көлемі 1 трлн теңгеден асты.

Атап айтқанда:

Инвестицияның басым бағыттары – металлургия (62%) және тамақ өнеркәсібі (22%). Бұл салалардың дамуы елдің экспорттық әлеуетін арттырып, экономиканың шикізаттық секторға тәуелділігін азайтуға ықпал етеді.

Жиын қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингінің тұрақты өсімді және негізгі бағыттарды тиімді дамытуды жалғастырып жатқаны айтылды. 2025 жылы холдинг инвестициялық қызметті кеңейтуді, экспорттаушыларды қолдауды, агробизнесті дамытуды және жаңа қаржы құралдарын енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, цифрландыруды жалғастыру және халықаралық серіктестерді тарту көзделген. Бұл стратегиялық міндеттердің орындалуы «Бәйтерек» холдингін Қазақстан экономикасының жетекші даму институты ретінде одан әрі нығайтады.