
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды. Вадимның уақыт көрсеткіші – 30:13,1.