Қазақстандық шабуылшы «Челси» клубына ауысты

Алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді

Бұл туралы Алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Жарияланған ақпаратқа сай, шабуылшы 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Дастан Сатпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.

Баспасөз қызметі атап өткендей, 2024 жылғы мамырда 15 жасында Дастан Сатпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанған.