
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында 2-орын алды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, команда құрамындағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова жалпы алғанда 235.39 балл жинады.
Үздіксіз үштікті Жапония акробаттары түйіндеді.