Жаңа жылдық мерекеде пиротехникалық құралдарды пайдаланудан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Оның 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылды және 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық емдеуде, деп хабарлайды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармалары.
Өңірлер бөлінісінде: Алматы қаласында – 19 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6 адам, Ақтөбе облысында-2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.
Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі.