Ақмола облысы, Біржан сал ауданында Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық «Қансонар» құсбегілер турнирі мәресіне жетті
Ақмола облысының Біржан сал ауданында өткен екі күндік халықаралық «Қансонар» құсбегілер турнирі тартысты сайысқа толы болды. Бұл бәсекеге 70 құсбегі қатысып, бүркіт, ителгі және қаршыға құстары бойынша өнер көрсетті. Сонымен қатар, Қырғызстан, Моңғолия және Мажарстаннан келген құсбегілер Бурабайдың бауырайындағы құсбегілермен шеберлік байқасты.
Турнирдің жеңімпаздары:
Бүркіт құсы бойынша:
1 орын — Қошқаров Арман (Атырау облысы)
2 орын — Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
3 орын — Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)
Қаршыға құсы бойынша:
1 орын — Бабажанов Берікболсын (Жамбыл облысы)
2 орын — Бәйетбай Сағыныш (Алматы облысы)
3 орын — Жаңбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)
Ителгі құсы бойынша:
1 орын — Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
2 орын — Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
3 орын — Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл маңызды шараға Мәсіп Батырханұлының баласы Шынарбек мырза, сондай-ақ, ұлттың ұлы дәстүрі құсбегілік өнерді әлемге паш етіп жүрген әйгілі Таңшолпан Нұрғайып сынды құрметті қонақтар қатысып, ақ жарма тілектерін білдірді.
📌 Бұл турнирді ұйымдастыруға «Құсбегілік Федерациясы» РҚБ, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдау көрсетті.