ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨРЛЕУІ

Елде ауыл шаруашылығы техникасын өндірісін арттыру және дақылдар экспортын ұлғайту жоспарлануда. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, аграрлық-өнеркәсіптік кешенді жеңілдетілген қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда. Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін көрсете бастады. Жыл басынан бері астық экспорты айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері тасымалы бірнеше есеге артты. Қазақстандық арпа Иранға соңғы екі айда сегіз есе көбейіп қайта импорттала бастады. 10 айда арпа экспорттық тасымалы 710 мың тоннаны құрап, 69%-ға артты. Сонымен қатар биыл Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, оның көлемін 250 миллион долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Ал ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемі 263 миллиард теңгені құрап, келер жылы 300 миллиард теңгеге дейін өсетіні болжануда.