Азық-түлік улануларынан сақтану үшінқарапайым ережелерді сақтау қажет: жарамдылықмерзіміне назар аударыңыз, өнімдерді дұрыссақтаңыз және тамақ дайындау кезінде тазалықтықадағалаңыз. Дегенмен, тағам өндіруден бастапсатуға дейінгі барлық кезеңдерде қауіпсіздіктіқамтамасыз етуде санитариялық нормаларға сайқатаң өндірістік бақылау маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы Президенті Ісбасқармасы Медициналық орталығының Абай облысындағы күндері аясында Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 74 маманғаарналған тағам қауіпсіздігі бойынша семинар өткізді. Санэпид қызметінің өкілдері, өндірушілермен тамақ ұйымдастырушылары тағам өнімдерініңқауіпсіздігін арттыру және тұтынушыларденсаулығын қорғауға бағытталған маңызды біліммен тәжірибелік дағдыларға ие болды.
Сонымен қатар, білім беру саласықызметкерлері үшін, оның ішінде аудандық жәнеқалалық басқармалар мен білім беру мекемелерініңөкілдеріне арналған онлайн-тренинг өткізілді. 350 қатысушы қамтылған бұл оқу шарасы балалардыңденсаулығын қорғауға және өнімдердің сапа стандарттарын арттыруға септігін тигізетінқауіпсіздік шараларын енгізуге ықпал етеді.
Осы жылы Медициналық орталық күндеріаясында біз әр аймақтан 500-ден астам адамдыоқытып, олардың әрқайсысының тағамқауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуынамүмкіндік жасадық.