Түрікменстан, Ашхабад қаласы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа ресми сапары аясында Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент түрікмен елінің басты ескерткішіне тағзым ету арқылы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік екенін көрсетті.