Жуырда Түркияның ірі телеарналарының бірі Ülke TV еліміздің туристік әлеуетімен танысу мақсатында Қазақстанға келгенді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдейді.
«Ülke TV телеарнасының эфирінде Түркістанның көрікті жерлері, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көрсетіліп, Қазақстанның туристік әлеуеті туралы толыққанды баяндалды.
Бұл көрермендерге еліміздің тартымды туристік бағыттары туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік берді» – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҚР Туризм және спорт министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Түркістан, Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Алматы облысында қонақтарға арнайы ақпараттық тур ұйымдастырылған еді.