Алматыда Абай күні қалай аталып өтеді

10 тамыз — қазақтың ұлы ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күні. Алматыда мерекелік датаға орай 7-11 тамыз аралығында кітап көрмелері, Абай оқулары, байқаулар мен викториналар, семинарлар мен тренингтер, шахмат турнирі, сондай-ақ «Абай әлемі» концерт-спектаклі сынды бірқатар іс-шара өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

9 тамызда сағат 9:00-де Республика сарайының алдындағы Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтеді. Одан кейін ұлы ойшылдың шығармашылығына арналған «Адамзаттың Абайы» мүшайрасы жоспарланған. Оған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, ҚР Мәжіліс депутаттары, жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен қала қонақтары қатысады. Сонымен қатар Абай алаңында кітаптар мен этноөнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Абайдың туған күні, 10 тамызда сағат 16:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтеді. Режиссер Фархад Молдағалидің жетекшілігімен Болат Әбділманов, Ерлан Біләл, Нүркен Өтеуіл сынды танымал актерлер өнер көрсетеді. Олар ұлы ақынның өмір жолы туралы қойылым көрсетіп, Абай шығармашылығындағы жаһандық тақырыптарды қозғайды. Сонымен қатар, концертке «Музарт» тобы, Ерден Жақсыбек, IL Canto тобы, Steppe Sons тобы, Ернар Амандық және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының хоры қатысады.

Апта бойы қаланың барлық дерлік білім беру орталықтары мен кітапханаларында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу бойынша байқаулары өтеді. Түрксіб ауданындағы комьюнити орталығында «Абай Chess» шахмат турнирі өтеді.

Қала тұрғындарының арасында «Абай Құнанбайұлы туралы не білеміз?» атты блиц-сауалнама жүргізіледі. Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты сұрақтарға дұрыс жауап берген азаматтарға сыйлық беріледі.

АБАЙ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ АЯСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР

Атауы Өтетін күні мен уақыты Өтетін орны Байланыс үшін
1. «Абай – ұлттық әдебиеттің алтын діңгегі» кітап көрмесі. Сондай-ақ, белгілі жазушылар Б. Беделхан, Б. Сарыбай, Е. Бақаштың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. 7 тамыз

сағ 11:00

Наурызбай ауданының отбасылық оқу кітапханасы

Шұғыла ш/а, 343/7

Асхат Абайұлы

+7 708 767 9741

2.  Мектеп жасындағы балалар арасында Абай өлеңдері мен қара сөздерін үздік оқуға арналған «Абай оқулары» байқауы 7 тамыза

сағ 11:00

«Oylike» білім беру орталығы, Көкжиек ш/а 59 Е.Касымбеков +77011888449,

М.Алтынбек

+77472593008

3. «Әлем таныған Абай» суреттер байқауы 7  тамыз

сағ11:00

Серіков көшесі, 6 Р.Исмайылов

+77085333410

4. «Қазақтың ұлы ақыны – Абай» суреттер конкурсы 7  тамыз

сағ 12:00

«Oylike» білім беру орталығы, Көкжиек ш/а 59 Е.Касымбеков +77011888449, М.Алтынбек

+77472593008

5.  «Абайдың портреті» шығармашылық орталықтар оқушылары арасындағы байқау 7  тамыз

сағ 12:00

Айнабулак 82/4, 3 қабат офис 17 Е.Касымбеков +77011888449, М.Алтынбек

+77472593008

6.  «Абай өлеңдері» домбырада орындаушылар байқауы 7 тамыз

сағ 13:00

«Oylike» білім беру орталығы, Көкжиек ш/а 59 Е.Касымбеков +77011888449,

М.Алтынбек

+77472593008

7. Балалар арасында Абай өлеңін үздік оқуға арналған байқау 8  тамыз

сағ 10:00

Бақытты отбасы

Серіков көшесі, 6 а

Е.Касымбеков +77011888449
8.  «Абай оқы, таңырқа!» кітап көрмесі 8  тамыз

сағ 11:00

 №44 кітапхана Ж. Ермекбаева 87754722329
9. «Электрондық баннер Абай-ағартушы» шығармашылық орталығының оқушылары арасында компьютерлік эскиз байқауы 8  тамыз

сағ 12:00

Айнабулак 82/4, 3 қабат офис 17 Е.Касымбеков +77011888449

М.Алтынбек

+77472593008

10. Абай ескерткішіне гүлшоқтарын қою 9  тамыз
сағ 09:00
 Абай алаңы Алматы қаласы  әкімдігінің аппараты
11. Әлеуметтік клуб тәрбиеленушілері арасында « Абай оқулары» 9  тамыз

сағ 10:00

«Шыңға өрлеу»

Жас канат шағын аудандық бөлімшесі

87071675052 Рустам
12. Абай көрме бұрышын кітаптардан, қолөнерден, суреттерден ұйымдастыру 9  тамыз

сағ 10:00

Бақытты отбасы

Серіков көшесі, 6 а

Е.Касымбеков +77011888449

М.Алтынбек

+77472593008

13. «Абай Құнанбаев туралы не білеміз?» блогерлердің қатысуымен қала тұрғындары арасында блиц-сауалнама 9  тамыз

сағ 11:00

Қала бойынша Жанель

+7 707 877 9676

 

 

14.  «Абайдың қара сөздері» кітап көрмесі 9  тамыз
сағ 11:00
 №45 кітапхана Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
15. «Абайды оқы – таңырқа!»  өлеңдер оқу 9  тамыз
сағ 11:00
 №29 кітапхана Орталықтандырылған кітапхана жүйесі
16. Абай өлеңдерін оқуды үйрену және айту 9  тамыз

сағ 12:00

Айнабулак 82/4, 3 қабат офис 15 Е.Касымбеков +77011888449

 

17. «Абай мұрасы – ұлттық құндылық» салтанатты мерекелік шара 9  тамыз  Абай даңғылы, 14 ҚР Ұлттық кітапханасы
18.  «Ұлы Абай» тақырыптық сабағы 10  тамыз
сағ 11:00
 Төлебаев, 117 Д. Қонаев музейі
19. «Дархан халықтың дана Абайы» Абай өлеңдеріңн оқу 10  тамыз
сағ 14:00
 №44 кітапхана Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Ж. Ермекбаева (87754722329)
20.    «Абай әлемі» танымал артистердің қатысуымен концерт- спектакль 10  тамыз
сағ 16
:00
 Нұркент ш/а, 6 «Алатау» дәстүрлі өнер театры
21.  Ашық аспан астындағы кино 10  тамыз

сағ 20:00

 Байсеитова сквері Алмалы ауданының комьюнити орталығы
22. Абай атындағы  ҚазҰПУ алдындағы Абай бюстіне гүлшоқтарын қою. 10  тамыз

 

 Достык даңғылы, 13 Жанеля Жумалиевна

87078779676

23. Аудан жастарының қатысуымен «Қазақ қоғамындағы Абайдың рөлі» тақырыбында семинар тренинг 10 тамыз Алатау ауданының комьюнити орталығы О. Молдахан

8 700 066 00 99

24.  «Абай Chess» шахмат турнирі 10  тамыз Жас Канат ш/а, 49а Комьюнити  орталық Калмурат 87073960020