5 тамызда (дүйсенбі) спорттың 3 түрінен 5 спортшы бақ сынайды (стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі)
Скит микс (А. Орынбай/Э. Ещенко) сынында стенд атуда медальдар ойналады. Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, 5 тамызда Қазақстан спорттың 1 түрі бойынша 1 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Стенд ату
12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.
18: 00 Финал.
Жеңіл атлетика
15: 50 Іріктеу кезеңі. Ольга Сафронова (200 м) жұбаныш жарысына қатысады.
23:45 Жартылай финал.
Грек-рим күресі
18: 00 60 кг салмақ дәрежесіндегі Айдос Сұлтанғали, 130 кг салмақ дәрежесінде Әлімжан Сыздықов өнер көрсетеді.
00: 00 Жартылай финал.