ҚР Көлік министрлігінің тапсырмасымен «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның мамандары асфальтбетон зауыттарына техникалық аудит жүргізді. 400 асфальтбетон зауыты (АБЗ) нормативтік талаптарға тексерілді.
Аудит нәтижесінде АБЗ-ның көпшілігінде материалдарды бақылау реттелмегені, дайын өнімнің есебі дұрыс жүргізілмегені, бастапқы материалдардың зертханалық бақылаудың жоқтығы және т. б. кемшіліктер анықталды.
«Қазір әр асфальтбетон зауыты арнайы RCMbase.kz жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай цифрлық порталына енгізілген. Тексеріс нәтижесінде әр АБЗ-ға рейтинг берілді: ең аз – 3 жұлдыз (базалық талаптарға сәйкестік), ең көбі – 5 жұлдыз (қазіргі заманғы зауыт, өзінің сынақ зертханасының болуы)», – дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның жаңа технологиялар басқармасының басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев мәлімдеді.
Осылайша, жол құрылысына тапсырыс берушілер RCMbase.kz порталынан еліміздегі асфальтбетон зауыттарының дәрежесін көре алады. Соған сәйкес рейтингісі төмен немесе асфальт шығару өндірісі ұйымдастырылған, зертханалық бақылауы бар, жалпы дәрежесі әрі сапасы жоғары зауытты таңдай алады. Бағалаудың болмауы – тапсырыс берушіге, техникалық қадағалау инженеріне, тексеруші органдарға зауыттың сапасына күдікпен қарауға түрткі болады.
Асфальтбетон зауыттарын тексеру тұрақты негізде жүргізілетінін болады. Бұл шығарылатын өнімнің, сайып келгенде қазақстандық жолдардың сапасын арттыруы тиіс.
Бұл тәсіл жол-құрылыс материалдары өндірілетін карьерлерге де қатысты қолданылды. Карьерлер асфальт дайындауға және жолдардың негізгі қабаттарында қолданылатын материалына қарай екіге бөлінеді. Әр материалдың стандарттарға сәйкестігіне нақты талаптар қойылады.
Арнайы тексеріс қорытындысына сәйкес 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдаймен RCMbase.kz базасының картасына еліміздің 12 аймағындағы 189 карьер енгізілді, онда жол-құрылысына қажет материалдың 300-ден астам түрі өндіріледі. Жыл соңына дейін порталға Қазақстанның барлық қолданыстағы карьерлерін енгізу көзделген.
Автожолдардың сапасы – қолданылатын жол құрылыс материалдарының сапасына, қоспаларды дұрыс іріктеуге (битум, қиыршық тас, минералды ұнтақ, полимерлі қоспалар және т.б.), сондай-ақ жұмыс өндіру технологияларының сақталуына тікелей байланысты.
RCMbase.kz бірыңғай порталы қолданылатын жол құрылыс материалдарының, бұйымдар сапасы, олардың физикалық-механикалық көрсеткіштерінің нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы өзекті деректермен толықтырылған.