Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының төртінші ойын күні, 17 маусымда үш ойын өткізіледі.
Алдымен 18:00–де Е тобында Румыния мен Украина ойнайды.
Екі құрама қазірге дейін 6 мәрте кездескен. Оның 3-і румыниялық құраманың басымдығымен аяқталса, 7-де тең нәтиже тіркелді. Қалғанында украиналық футболшылар жеңіске жетті.
Одан кейін Е тобындағы тағы бір кездесу Бельгия мен Словакия ойыны 22:00–ге белгіленген.
Қазірге дейін екі құрама 3 мәрте шеберлік байқасты. Олардың 2-де тең нәтиже тіркелсе, 1-де Бельгияның мерейі үстем болды.
Словакия әзірге аталған қарсыласын жеңе алмай келеді.
Бүгінгі ойындарды сағат 23:55–те D тобындағы Австрия мен Франция кездесуі түйіндейді.
Екі құрама қазірге дейін 29 мәрте кездескен. Оның 9-да Австрия жеңіске жетсе, 4-де тең нәтиже тіркеліп, қалғанында Франция басымдық танытты.
Еске салсақ, 16 маусымда С тобында Словения мен Дания 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Англия Сербияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.
D тобында Польша Нидерланд құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді.