Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ЖОО-лардың кадрларды даярлау сапасының төмен екенін атап өтті

Қазіргі уақытта медициналық білім беру саласындағы анағұрлым өзекті мәселелердің бірі медициналық жоғары оқу орындарында білім алушы студенттер санының шамадан тыс көп болуы. Бұл білім беру ресурстарының үлкен жүктемесі және білім беру сапасының төмендеуі сияқты бірқатар теріс салдарға әкеледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ақылы негізде білім алатын студенттерді шамадан тыс қабылдау білім беру ортасына да, оқытушылар құрамына да, ең бастысы болашақ медицина мамандарын даярлау сапасына да әсер етеді. Бұл фактор қоғамның медицинаның білім беруіне деген сенімін төмендетуде және денсаулық сақтау жүйесі үлкен сынға түсуде.

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру санын емес, сапасын арттыру мақсатында студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастыруда. Бұл мәселе бүгін Министрлік басшылығының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен ведомство алқасының отырысында талқыланды.

Медициналық білім беру бағдарламасы демографиялық процестерді және дамушы денсаулық сақтау жүйесінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, алдағы 10 жылда қалыптастырылатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда медициналық білім берудің орнықты және сапалы өсуін қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тараптарды сындарлы ынтымақтастыққа шақырады.