Күйеуінен жәбір көргенін хабарлаған Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Қазақстан елшілігі кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш елге оралды. Оны күтіп алуға әуежайға күйеуінің туыстары келген.
Бұл туралы «Қорғау» дағдарыс орталығының басшысы Анна Рыль Facebook-парақшасында хабарлады.
«Қазір Карина Мамаш әпкесі және балаларымен елге оралды. Әуежайдан оны жақын достары қарсы алды, бірақ күйеуінің туыстары да келген. Балалары үшін қорыққан ол дағдарыс орталығына көмекке жүгінді. Қазіргі уақытта ол әпкесі және балаларымен дағдарыс орталығында орналасқан, онда психолог пен заңгер көмегі көрсетіліп жатыр», – деп жазды Рыль.