Семейде 62 жастағы әйелге қаладағы сауналардың бірінде секс-притон ұйымдастырғаны үшін сот үкімі шықты. Полиция мәліметінше, қабылдау орнында сутенер-апа жезөкшелікті басқарған. Ол алдын ала жазылу бойынша келген клиенттерге «түнгі көбелек» қызметін ұсынған. Әрбір тапсырыстан зейнеткер орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.
«Алайда бизнес ұзаққа созылмады. Жақын арада «Stop трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері орынды әшкереледі. Тінту кезінде құқық қорғау органдары қолма-қол ақша мен басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Жеңгетай мен 9 қызметкері жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді», – делінген хабарламада.
Ресми мәлімет бойынша, жеңілтек қыздардың үшеуі Қазақстан азаматы болса, алтауы Өзбекстан азаматы. Барлығы операциялық есепке алынатыны айтылды.
Сутенер-апаға қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша бойынша соталды тергеу жүргізілген. Зейнеткер 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Қазір ол Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық есебінде тұр. Пробация шарттары бұзылған жағдайда сот шартты айыптауды алып тастап, оны нақты мерзімге алмастыра алады.