Италияның Тоскана ауданында өткен үйлену тойы қайғылы жағдаймен аяқталды.
Жас жұбайлар мен қонақтар салтанатты кешті атап өту үшін XV ғасырда салынған бұрынғы монастырь ғимаратында жиналған екен.
Алайда би кезінде күтпеген жайт орын алды. Жабынның опырылуынан ондаған адам төменгі қабатқа төрт метр биіктіктен құлап түскен.
Қайғылы жағдайда қаза тапқандар жоқ. Алайда 35 адам зардап шеккен, олардың 6-уы қатты жарақат алған. Бүгінгі таңда барлығы ауруханада ем қабылдап жатыр. Жас жұбайлардың өздері де ауруханада түнеді.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайына тергеу жүргізеді. Қылмыстық іс қозғалды.