«Сонар -2023» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

Қараша айының 2-5 аралығында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы, «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан құсбегіліктен «Сонар -2023» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Атап өтсек, биыл 25-ші жалауын көтерген турнирге 3 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы келді. Сонымен қатар, 61 бүркіт, 18 қаршыға, 24 ителгі тіркеуден өтті.

Жарыс қорытындысына сәйкес жүлделі орындарды қанжығалаған бүркітшілер анықталды.

Бүркіт құсы бойынша:
1-орын Атырау облысы, Қошқаров Арман «Нарын» құсымен
2-орын Жамбыл облысы, Жалғасұлы Серікболсын «Жанқияр» құсымен
3-орын Алматы облысы, Сұлтанғазы Жандос «Мұзбалақ» құсымен және Қамбарбаев Мақсұтбек «Ақбалақ» құсымен

Қаршыға құсы бойынша:
1-орын Жамбыл облысы, Бабажан Берікболсын «Қоймас» құсымен
2-орын Түркістан облысы, Паң Төлемырза «Шипок» құсымен
3-орын Алматы облысы, Бекмұханбет Айдар «Тұмар» және Жанар Абылай «Көкжендет» құсымен

Ителгі құсы бойынша:
1-орын Астана қаласы, Серікбек Ерасыл «Қаракөз» құсымен
2-орын Қарағанды облысы, Оспанқұлов Таңат «Бұлбұл» құсымен
3-орын Оспанқұлов Таңат «Тұмар» құсымен және Түркістан облысы, Аршабай Дәурен «Қаракөз» құсымен жүлделі орыннан көрінді.

Айта кетерлігі, «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ, сонымен бірге ҚР Спорт және туризм министрлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы, Ат спорты түрлері орталығы және Алматы облысының әкімдігі.