Құсбегіліктен өткен тағы бір турнир өз мәресіне жетті

Қараша айының 7-10 аралығы күндері Алматы қаласында өткен ұлттық спорт түрі құсбегіліктен «Қыран-2023» республикалық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Құсбегілік федерациясының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, турнир қорытындысы келесідей:

Бүркіт құсы бойынша:
1 – орын Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы), Жанқияр құсымен
2 – орын Байқадамов Ерзат(Абай облысы) Заңғар құсымен
3 – орын Адилов Әсет(Алматы қаласы) Нарын құсымен
4 – орын Жамбыл Досымжан (Алматы қаласы) Ақиық құсымен
5 – орын Бүркітбай Жасұлан (Жетісу облысы) Айқабақ құсымен

Ителгі құсы бойынша:
1- орын Оспанқұлов Таңат (Қарағанды облысы) Бозторғай құсымен
2 – орын Оспанқұлов Таңат (Қарағанды облысы) Бұлбұл құсымен
3 – орын Аршабай Дәурен (Түркістан облысы) Қаракөз құсымен

Қаршыға құсы бойынша:
1 – орын Исабеков Асқар(Алматы облысы), Жебе құсымен
2 – орын Сейітжан Бексұлтан (Алматы облысы) Көкжендет құсымен
3 – орын Бекмұхамбет Айдар (Алматы облысы) Тұмар құсымен

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласының ипподромында өткен «Қыран-2023» республикалық турниріне еліміздің түкпір-түкпірінен 100 ге жуық спортшы қатысқан еді.

Айта кетерлігі, «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ, сонымен бірге ҚР Спорт және туризм министрлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы, Ат спорты түрлері орталығы және Алматы қаласының әкімдігі.